Адами капитал

ҚР ҚК сержанттары жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруда жаңа тәжірибе жинақтады

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің 55078, 44841 әскери бөлімдерінде взводтық буын сержанттарымен командирлік даярлық бойынша жиын өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан29 Ақпан , 08:37

Сабақтар санат бойынша кезең-кезеңмен 10 күндік жиындық іс-шаралар әдісімен ұйымдастырылды.  Сонымен, бригада сержанттарымен командирлік даярлықты Қарулы Күштер түрлерінің сержанттары ұйымдастырып, өткізеді, батальон деңгейінде сабақтарды өңірлік қолбасшылық пен әскер тектерінің сержанттары, рота, взвод, бөлімше командирлері деңгейінде орындарда бригада сержанттары өткізеді.

Командирлік даярлық аяқталысымен сержанттардың дайындық деңгейі бағаланады, үлгерімі бойынша рейтинг шығарылады, үздік әскери қызметшілер айқындалады. Сондай-ақ әскери-спорттық кешен нормативтерін тапсыру іс жүзінде қолданылатын болады. Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармада түсіндіргендей, командирлік даярлық жауынгерлік даярлықтың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Ол командалық буын әскери қызметшілеріне лауазымдық міндеттерді орындау және жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін, сабақтарды дайындау және өткізу әдістемелерін зерделеу үшін қажетті білім мен практикалық тәжірибені, командирлік қасиетті жетілдіруге мүмкіндік береді. Сержанттар құрамының командирлік даярлығы Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери басқару органдарын даярлау жоспарларына сәйкес жыл сайын өткізіледі. Сержанттар әскерлер жүйесінің басқарушы буыны бола отырып, ҚР Қарулы Күштері командалық құрамының анағұрлым көп санын құрайтынын айта кеткен жөн. Олардың жеке дайындығы, тәртіптілігі, кәсібилігі, білім мен шеберлігінен жалпы алғанда, әрбір әскери қызметші мен бөлімшенің жауынгерлік дағдысы қалыптасады, сондай-ақ қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде сәттіліктің де маңыздылығы зор.


 




Яндекс.Метрика