Ұлттың денсаулығы

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жаңаарқа ауданының тұрғындарына қызмет көрсетті (ФОТО)

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ мамандарымен Жаңаарқа ауданы Маңадыр кентіне жетті, деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД.
Қарағанды 27 Ақпан, 15:03

2016 жылдың 16 және 25 ақпан аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативті-диагностикалық медициналық пойызында Қарағанды облысы Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Қызылжар бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.

“Дәрігерлердің қабылдауына келушiлердiң қарасы көп. Бүгінгі күні барлығы  645 адам, оның ішінде 235 бала тексерілді.  Дәрігерлік қаралудан 3267 адам өтті. 7541 диагностикалық процеруда жүргізілді (537 ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеуі, 628 бас миының  эхоэнцефалография және ультрадыбыстық  допплерографиясы, 374 электрокардиография, 187  көздің ішкі қысымын өлшеу, 370 рентгенологиялық зерттеу, 52 эндоскопия, 5393 клиникалық-биохимиялық анализ), 43 кіші емханалық ота жасалды. Маммолог дәрігерден 243 әйел қаралды. Стоматологиялық көмек 163 тұрғынға көрсетілді”, - делінген хабарламада.

Пойыз мамандары 313 ауруды тіркеген, оның ішінде 20 бала бар. Жаңадан пайда болған  1 дерт анықталған. 

Ағымдағы жылдың алғашқы сапарында медициналық пойыздың дәрігерлері Қарағанды облысының 19 бекетін қамтуды көздеп отыр. Бір ай бойы шағын стансалар мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарына жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Осы уақыт ішінде пойыз Қарағанды темір жолына қарасты алты стансада болды. Маңадыр елді мекені медициналық пойыздың бесіші аялдамасы болып табылады. Бұл игі шара  «Қазақстан - 2050» стратегиясының басым бағыттарын іске асыруға бағытталған.

Барлық кабинеттер барлық қажетті диагностикалық құралдармен жабдықталған. Жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілгендіктен,  халық медициналық пойыздардың қызметіне ризашылығын білдіруде.

 





Яндекс.Метрика