Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев Венада бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясы аясында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясы бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Әлемде 27 Ақпан, 10:58

Сенат Төрағасының ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Михаэл Линкпен кездесуінде ДИАҚБ-тың Қазақстандағы жобалары, сондай-ақ Мәжіліске сайлауалды науқаны туралы сөз болды. Қ.Тоқаев Қазақстанда халықаралық байқаушылар, оның ішінде ДИАҚБ миссиясы үшін сайлау үдерістеріне шынайы мониторинг жүргізуге барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.

Сенат Төрағасының пікірінше, сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтеді. ДИАҚБ басшысы білікті және нәтижеге бағдарланған ынтымақтастық үшін Қазақстан билігіне ризашылық білдіріп, байқаушылар миссияның тек деректерге ғана негізделген мониторинг жүргізу ниетін атап өтті. Оның айтуынша, ДИАҚБ міндеті сынау емес, сайлау үдерістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Бұл тұрғыда Бюро Қазақстанмен одан әрі өзара сындарды іс-қимылды көздейді. Сонымен бірге, М.Линк ДИАҚБ мандаты сайлауға байқау жүргізумен шектелмейтінінне назар аударды.

Бюро Қазақстандағы «100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға сарапшылық қолдау көрсетуге әзір. Қ.Тоқаевтың ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Илкка Канервамен кездесуде ЕҚЫҰ кеңістігіндегі дағдарыстар мен шиеленістерді реттеу, Ауғанстандағы жағдай, терроризм және есірткі тасымалы мәселелері бойынша пікір алмасылды. Қазақстан Сенатының басшысы мен ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелламен және ДИАҚБ-тың қысқа мерзімді байқаушылар миссиясының үйлестірушісі Мариэтта Тидэймен кездесуде биылғы 20 наурызда Қазақстандағы сайлауды байқау үшін ЕҚЫҰ парламентшілерінің қатысуы талқыланды. Р.Монтелла ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сайлау қарсаңында 70-тей байқаушы жіберу туралы жоспарын жеткізді. Ол сондай-ақ биылғы мамырда Қазақстанға келу және «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына қатысу ниетін жеткізді. ЕҚЫҰ ПА сессиясы алаңдарында Қ.Тоқаев Болгария парламенттік делегациясының басшысы Десислава Атанасовамен әңгімелесті, ол Болгария Халық Жиналысының Төрағасы Цецки Цачеваның атынан Болгарияға сапармен келуге шақыруды жеткізді. Қазақстандық депутаттар ЕҚЫҰ ПА демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер жөніндегі; экономикалық істер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі; саяси мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі жалпы комитеттерінің отырыстарына; сондай-ақ үш жалпы комитеттің бірлескен отырыстарына қатысты. Делегация басшысы Қ.Тоқаев Венада болған кезде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Вена бөлімінің Бас директоры, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотовпен кездесті. БҰҰ терроризмге, есірткі саудасына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мекемелерімен ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Словенияның бұрынғы президенті Данило Тюрктің өтініші бойынша да кездесу болды. Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы ретінде Король Абдалла бен Абдель-Азиз атындағы Халықаралық дінаралық және мәдениетаралық үнқатысу орталығының Бас хатшысы Фейсал бен Абдулрахман Муаммармен кездесті. Сенат басшысы 2015 жылғы маусымда Астанада өткен V Съездің нәтижелері, атап айтқанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың әлемдік қоғамдастыққа жария еткен «бес үндеуі» туралы айтты. Кездесу барысында бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін Съезд Хатшылығы мен Орталықтың мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимылының келешегі туралы әңгіме өрбіді.

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика