Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Б.Рахымбеков: АӨК-де субсидиялау шағын ауыл шаруашылығы өндірушілеріне астықты уақытында жинауға мүмкіндік береді

«Ауыл шаруашылығы кооперативтері « туралы жаңа заңның енуі, АӨК-де субсидиялау шағын ауыл шаруашылығы өндірушілеріне астықты уақытында жинауға мүмкіндік береді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында АШМ Агроөндірістік кешеннің мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Бұран Рахымбеков.
Астана қаласы27 Ақпан , 12:59

«Астық жинауды сәл кешігіп қалатынымыздың себебі шаруалардың техникасының жетіспеуі болып жатады. Техника қаржының жетіспеуіне байланысты сатып алынбайды. Солтүстік Қазақстан бойынша 350 шаруа қожалығы 350 гектар жерге жауапты. Осы сынды алаңды иемдене отырып, ол өзіне тарктор сатып алуға қауқары жоқ. Ауыл шаруашылығы коопративтері туралы жаңа заң бірқатар шаруаларға бірігуге мүмкіндік береді. Оларда бірнеше мың гектар жер телімі болады. Бұл ешқашан күтпеуге, ешкімнен техника сұрамай уақытында астық жинауға мүмкіндік береді», - деді Б.Рахымбеков.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет ауыл шаруашылығы өндірушілеріне инвестициялық субсидия бөлетін болады.

«Егер шаруа техника сатып алғысы келсе, техниканың 30 пайызы салымсыз субсидияланатын болады. Ол техниканы лизингке алып қана қоймай, 14 пайыздық көрсеткіштің 7 пайызы жылдық көрсеткішті мемлекет өтейді. Бұл шаруаларға бірігіп жаңа техника алып, астықты дер кезінде жинауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 2 қарашасында «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңға қол қойды.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика