Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

А.Ержанов: «Өнімділік-2020» өндірушілерге сапаның жаңа стандартына көшуге мүмкіндік береді

«Өнімділік-2020» өндірушілерге сапаның жаңа стандартына көшуге мүмкіндік береді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ИДМ Индустриалды дамыту мен өндірістік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов.
Астана қаласы26 Ақпан , 19:54

«Біз қазіргі уақытта олардың қызметінің тиімділігін арттыру, сапасы үшін, жаңа стандарттарға ауысу үшін өндірушілерді ынталандыру саясатын жүйелі жүргізудеміз. 2011 жылы іске қосылып, өнімділігін ұлғайту жолымен экономиканың басым секторларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған тиімді құралдардың бірі «Өнімділік-2020» бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама жаңа қызмет құралдар енгізіліп, өткенжылы оңтайландырылды»,-деді ол.

Сарапшының айуынша, «Өнімділік-2020» бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру барысында 140 кәсіпкерлік субъектілерге 27,5 млрд теңге сомасында шығындары өтелді. Бағдарламаны іске асырудағы ҮИИДМБ негізгі құралдарының бірі болып табылады.

«Бағдарламаның екінші кезеңі өз жұмысын 2015 жылдың қыркүйек айынан бастадыү Екі ай ішінде іске асырған 28 кәсіпкерлік субъектілер 40-50% мөлшерінде шығындардың  өтемақысын алды Бұл бағдарламада 15 жұмыс күні ішінде өтінім беру күніне дейін оператор 6-12 ай мерзім ішінде өтініш берушінің шығындарды өтейдi»,-деді А.Ержанов.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика