Халықаралық интеграция

Мысыр Президенті Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен Ақордада өткен кездесуі барысында отандастарымызды Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
Астана қаласы26 Ақпан , 19:15

«Мен өз атымнан және Мысыр халқының атынан, құрметті Президент мырза, Сізді, және Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Біз, мысырлықтар Қазақстанның бүгінгі таңда даму жолында жүзеге асырып жатқан жобалары мен алған бағыт-бағдарларыңызды қолдап, қуаттаймыз. Сонымен қатар, Мысыр елінің Халықаралық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болуымызға қолдау білдіргендеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз», - дейді ол.

Сондай-ақ, Мысыр Президенті Мемлекет басшысымен болған екіжақты оңаша кездесу барысында Мысыр мен Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың қыр-сыры жан-жақты  талқыланғандығын және осындай мүмкіндік тудырып, елімізге ресми сапармен шақырғаны үшін Елбасының атына шексіз ризашылығын білдірді.




Яндекс.Метрика