Халықаралық интеграция

Қазақстан Мысырға астық жеткізуді жалғастыруға мүдделі

Қазақстан Мысыр еліне дәрі-дәрмек шығаратын бірлескен кәсіпорын ашуды ұсынды. Бұл туралы бүгін Ақордада Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен өткен келіссөздерден кейін БАҚ-қа жасаған бірлескен мәлімдемеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Астана қаласы26 Ақпан , 19:02

"Мысыр астықты ең көп сатып алатын мемлекет, біз ең көп экспорттайтын елміз. Қазақстан астық экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. 2006-2010 жылдары Қазақстан Мысырға бір миллион тоннадан астық жіберіп отырған. Осы бағытты одан әрі өркендететін боламыз", - деді Президент.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Мысыр фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр.

"Мысырда фармацевтика саласы өте жақсы дамыған. Біз өзара іс-қимылды осы салада дамытуға мүдделіміз. Елімізде қазірдің өзінде Мысырдың қырыққа жуық дәрі-дәрмегі, 30 шақты медициналық ұйымдары тіркелген. Біз Мысыр тарапына елімізде бірлескен дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын ашуды ұсынып отырмыз", - деді Елбасы.

Айта кетейік, Қазақстанға тұңғыш ресми сапармен Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси келді. Ақордада мемлекет басшылары өзара ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылап, нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойылды. 

 

 

 




Яндекс.Метрика