Парламент

Қазақстандағы сайлауда ТМД атынан бақылаушылар құрамына танымал тұлғалар енді

Қазақстандағы сайлауда ТМД атынан бақылаушылар құрамына танымал тұлғалар енді, деді Орталық сайлау комиссиясында ТМД миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода.
Астана қаласы26 Ақпан , 18:35

«Миссия құрамы жоғары мамандандырылған тұлғалардан тұрады. Алдын ала мліметтер бойынша, РФ Госдумасы ұсынған депутаттардың ішінде А.Карелин, Н.Валуев, И.Кобзон, И.Роднина, сондай-ақ, жоғары білікті мамандар – Достастық елдерінің сайлау мүшелері, ОСК қызметкерлері», - деді Е.Слобода.

Айта кетейік, 2016 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т. Тұрғанқұловтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясы Штабының Басшысы Е.А. Слободамен кездесуі болды.

Миссия байқаумен барлық өңірлерді, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларын қамтуды жоспарлайды. Қазіргі уақытта Штабты қалыптастыру аяқталуда. Жалпы алғанда Миссияда 300-ден астам байқаушы болады.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика