Парламент

ТМД атынан бақылаушылар миссиясы Қазақстанда жұмысын бастады

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т. Тұрғанқұловтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясы Штабының Басшысы Е.А. Слободамен кездесуі болды.
Астана қаласы26 Ақпан , 18:11

Слобода мырза сайлау науқанының барысына толық шолу үшін алғысын білдіріп, өз тарапынан ТМД құрылымдарынан қысқа мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді байқаушылар әділдік және араласпаушылық қағидаттарын ұстанатынын атап өтті.

«Миссия байқаумен барлық өңірлерді, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларын қамтуды жоспарлайды. Қазіргі уақытта Штабты қалыптастыру аяқталуда. Жалпы алғанда Миссияда 300-ден астам байқаушы болады. Біз Қазақстанда электораттық науқанға бірінші рет мониторинг жүргізіп отырған жоқпыз. Әдеттегідей, бізде сайлау органдарымен және сайлау процесіне барлық қатысушылармен жақсы іскерлік қарым-қатынас орнайды. Штабтың және жалпы Миссияның жұмысы үшін барлық қажетті ақпарат толық көлемде ұсынылады, сонымен қатар ҚР ОСК-ның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Бұл – сайлауды демократиялы, транспарентті және ұлттық сайлау заңнамасына толығымен сәйкес ұйымдастырып, өткізуге деген ұмтылысты көрсетеді» - деп атап өтті ТМД-дан байқаушылар Миссиясы Штабының Басшысы.

Кездесу соңында Қ. Тұрғанқұлов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясына табысты жұмыс тіледі.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика