Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: Қазақстан Мысырмен достық және сенімді қарым-қатынастарды дамытуға мүдделі

Біздің еліміз Мысырмен достық және сенімді қарым-қатынастарды дамытуға мүдделі. Бұл жөнінде ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Египет Араб Республикасының Президенті Абдель Фаттахом Ас-Сисимен кездесу барысында айтты.
Астана қаласы 26 Ақпан, 17:53

«Біздің еліміз Мысыр  достық және сенімді қарым-қатынастарды дамытуға мүдделі. Осы жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлайды. Біз 1991 жылы араб мемлекеттерінің ішінде Египеттің бізді мойындағанын білеміз. Содан бері біздің халық пен елді жақындастыру үшін көптеген жұмыстар жасалды және өзім Египетке бірнеше рет барып келдім»,-деді Мемлекет басшысы.

Осылайша, кездесу барысында  екі жақ арасында тауарлы-экономикалық, ауылшаруашылық, формоцевтикалық сала, инфрақұрылым саласындағы құрылыс және көліктік-логистикалық салалар талқыланды.

Н.Назарбаев А. Ас-Сисидің Египет Президенті ретінде Қазақстанға келген бірінші сапары екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға септігін тигізеді деп айтып өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті екі ел географиялық алшақтыққа қарамастан, көлікті-транзиттік желіні дамытуға үлкен мүмкіндікке ие екендін ескерді.

Мемлекет басшысы А.Ас-Сиси Египетті қиын кезеңде басқарғанын айтып өтті.

«Соңғы жылдары орын алған ішкі жанжалдар, қантөгіс және революция қарамастан, Египет халқы жаңа Президенттеріне сенім білдірді. Парламент қабырғасында сөз сөйлеген кезінізде бізге түсінікті әрі жақын мақсаттар мен тапсырмалар қойдыныз.  Египет -  Таяу Шығыстағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Ағымдағы әлемдік нарықта біз экономикалық ынтымақтастық жөніндегі біздің сенімді диалогты жалғастырғымыз келеді»,-деді Қазақстан Президенті.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика