Ұлтаралық бірлік

Е.Түгжанов: Мәжілісте ҚХА өкілін сайлауға Ассамблеядан 446 мүше болады

Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы 21 наурызда болады. Мәжілісте ҚХА өкілін сайлауға Ассамблеядан 446 мүше болады, деп Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары, ҚХА хатшылық меңгерушісі Ералы Түгжанов ОКҚ-да айтты.
Астана қаласы26 Ақпан , 17:45

«Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясында 446 мүше бар. Олар 21 наурызда Парламент Мәжілісіне Ассамблея өкілін сайлайтын болады»,-деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша 6-шы және 9-шы наурыз аралығында  ҚХА-дан кандидаттар үшін үгіт-насихат науқаны өткізіледі.

«Кандидаттар үштен аспайтын сенімді адамдарға құқығы бар. Олар біздің барлық аймақта болуы тиіс. Олар барлық этномәдени бірлестіктердің мүшелері, сондай-ақ ҚХА мүшелерімен кездесу керек. Сайлау Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында ҚХА-ның сессиясында 21 наурыз айында болады»,-деді ол.




Яндекс.Метрика