Өңірлер

Қ.Бишімбаев: ҚР-да «Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының екінші кезеңі басталды

Қазақстанда орта бизнесті қолдауға арналған «Бәсекеге қабілетті Көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасының екінші кезеңі басталды, деп хабарлады «Бәйтерек» АҚ-ң төрағасы Қуандық Бишімбаев.
Астана қаласы26 Ақпан , 17:39

«Біз сәуір айында бағдарлама қатысатын үміткерлерді ұсынамыз»,-деді Қ.Бишімбаев журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол бағдарламаның екінші кезеңін жүзеге асыру барысында ірі компанияларды шоғырландыру арқылы салаларды кең ауқымда қамту жоспарланып отырғанын айтты.

«Қазір салалар бойынша шектелмей, қызмет көрсету секторларын да қосу көзделген. Сонымен қоса, ірі компанияларыдың қатысуына да мүмкіндік берілмек. Өйткені ірі компаниялардың  ертең экспорттаушы немесе ұлттық чемпион болуларына мүмкіндіктері мол. Қазір бізге осы ұсыныстарды әзірлеу керек»,-деді ол.

Холдингте атап өткендей, бағдарламаның бірінші циклінде тамақ өнеркәсібі, машина құрастыру және құрылыс материалдары салалары бойынша 27 компания қатысатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңінің қатысушыларына халықаралық сарапшылармен 105 бастама әзірленген болатын.

«Бүгінгі таңда бұл 105 бастаманың басым бөлігі орындалып қалды. Шамамен 70 пайызы іске асырылды деуге болады»,-делінді холдингте.

Қ.Бишімбаев хабарлағандай, бірінші кезеңде іске асырылған жобалардың арқасында компаниялар үлкен нәтижелерге қол жеткізген




Яндекс.Метрика