Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ж.Әбдиев: Жоғарғы Сот Кеңесі судьялыққа үміткерлерді объективті бағалайды

Жоғары сот кеңесі судья орнының үміткерлеріне объективті және қатаң түрде баға беретін болады, деп ҚР Жоғары сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент бастығының орынбасары Жазбек Әбдиев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы26 Ақпан , 18:26

Жоғары сот кеңесі – бұл автоматты орган және ол судьялар тәуелсіздігін қамтамасыз ету кепілдіктерін, Президент конституциясы өкілеттіктерінде сот корпустарын қалыптастыруды  жүзеге асырады. Қазір, өздерініз білетіндей, жаңа Жоғары сот кеңесі құрылды.  Ол бұрындары да болды: «Жоғары сот кеңесі туралы» Заң жұмыс істеді. Бірақ қазір қалыптасу тәртібі, оның қызметі алдыңғыдан мүлдем өзгеше»,-деді Ж.Әбдиев.

Осылайша, Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамы судьялар мен отставкадағы судьялардың кем дегенде 50% құрайтын болады және олар тұрақты негізде босатылып, тиісті органда  жұмыс істейтін болады. Сонынмен қатар Жоғары сот кеңесіне бас прокурор, Жоғары сот төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрі, ҚР заңгерлер Кеңесінің төрағалары кіреді. Сонымен қатар, олардың жұмыстарында ғалымдар, заңгерлер, адвокаттар мен халықаралық сарапшылар қатыса алады.

Ж.Әбдиевтің айтуынша, Жоғары сот кеңесінің нақты мүшесінің саны қарастырылмаған, өйткені кімді және қандай мөлшерде қалдыру шешімін ҚР Президенті шығарады.

Естерінізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтар айынан бастап «Жоғары сот кеңесі туралы» ҚР Заңы күшіне енді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика