Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Қазақстан 2020-шы жылға дейін Әзірбайжанға 50 электровоз экспорттауды жоспарлап отыр

2020-шы жылға дейін «Электровоз Құрастыру зауыты» кәсіпорыны Әзірбайжанға 50 электровоз экспорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлады «Alstom Казахстан» француздық концерннің атқарушы директоры, «Электровоз Құрастыру зауытының» бас директоры Бернард Пелль кәсіпорында өткен баспасөз турында.
Астана қаласы 26 Ақпан, 16:51

«Келесі жылдан бастап кәсіпорын Әзірбайжанның тапсырыстарын орындай бастайды. Әзірге алғашқы кезеңге дайындық жүріп жатыр. Алғашқы электровоз Әзірбайжанның Баку қаласына 2017 жылдың қаңтарында жеткізіледі. Ары қарай электровоз сертификатталу үшін сынақтан өтеді. Осылайша, электровоздардың жеткізілімі 2018 және 2019 жылдарда жалғасын табады. Әзірбайжан үшін барлығы 50 электровоз шығарылады. Одан әрі тағы да тапсырыстар түседі деп жоспарлап отырмыз»,-деп хабарлады Б. Пелль.

Өз кезегінде «Электровоз Құрастыру зауытының»  коммерциялық директоры Андрей Ершов бүгінгі таңда күшіндегі келісім шарт бойынша 39 электровоз жеткізу қарастырылғанын» атап өтті.

«Биыл зауыт 19 жүк электровозын дайындайды. Сонымен қатар, 2 жүк электровозы мен алғашқы локализацияланған 1 жолаушы электровозы Әзірбайжан үшін жасалады. Жалпы саны 22 электровоз»,-деп түсіндірді А. Ершов.

Француздық Alstom Transport компаниясының технологиясымен шығарылып жатақан жолаушы тасымалдайтын және жүк электровоздары 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы арқылы жүзеге асып отыр. Кәсіпорын «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан.

Ботагоз Айтжанова





Дерекнама

Яндекс.Метрика