Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Х.Ли: Қазақстан сот жүйесінің ашық және тәуелсіздігі бойынша жетекші орындардың бірін алады

Қазақстан сот жүйесінің ашық және тәуелсіздігі бойынша жетекші орындардың бірін алады, деп «Юльчон» заң компаниясының заңгері, ҚР Жоғары сот жанындағы Халықарылқ кеңес мүшесі Хванчжун Ли Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы26 Ақпан , 18:56

Беделді шетелдік судьялар мен адвокаттардың қатысуымен үздік халықаралық стандарттарды енгізу үшін Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 25 қадамын іске асыру аясында ҚР Жоғары сот жанындағы Халықаралық кеңес құрылды. Кеңес қазақстандық әделіттілікті жетілдіру бойынша Жоғары сотына кеңестер береді.

«Қазақстан сот жүйесінің ашық және тәуелсіздігі бойынша  жетекші орындардың бірін алады. Менің ойымша, ол бұдан да жақсы бола алады. Осыған орай, Жоғары сот жанында Халықаралық кеңесті құру – Қазақстанның  шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту үшін еңбектеніп жатқанына, сот жүйесі және судьялардың деңгейін арттыруда  жарқын үлгі»,- деді Хванчжун Ли.

Естерінізге сала кетейәк, 2016 жылдың 22 ақпан айында ҚР Жоғары сотының төрағасы Қайрат Мамидің төрағалығымен ҚР Жоғары сотының жанындағы Халықаралық кеңестің бірінші отырысы болды. Күн тәртібінде Инвестициялық дауларды анықтау тәсілдері, сондай-ақ, этика принциптері мен судьялардың ҚР жүргізу ережелерінің жаңа Кодекс жобасы  талқыланды.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика