Адами капитал

С.Даузова: ҚХА жанындағы аналар кеңесі отбасы құндылықтарын сақтау бойынша ауқымды жұмыс атқаруда

ҚХА жанындағы аналар кеңесі отбасы құндылықтарын сақтау бойынша ауқымды жұмыс атқаруда, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Жамбыл облысының дүнген этномәдени ұйымының аналар кеңесінің төрағасы Сара Даузова.
Жамбыл26 Ақпан , 17:23

«Біздің негізгі мақсатымыз – Елбасының саясатын жүзеге асыру. Біз бүгінде бірқатар жобаларды дайындадық, бұл «Қамқорлық пен мейірім», «Зорлыққа жол жоқ», «Отбасы құндылықтарын сақтау». Біздің аналар кеңесі ауқымды жұмысты атқарып отыр. Біз облыстарға, мектептерге, әскери бөлімшелер мен колледж, лицейлерге шығып адамдарға толеранттылық пен патриотизм сезімдерін ұялату бойынша жұмыс істейміз», - деді ол.

Төраға айтып өткендей, Аналар кеңесі балалар мен жасөсіпірімдерді тәрбиелеу кезінде негізгі түйін болып отыр.

«Біз жұмысқа көпбалалы аналар мен зейнеткерлерді, үй қызметкерлерін тартамыз. Бұл шараларды өткізуді ұйымдастыруға көмек беретін меценаттар бар, бастысы – біздің Ассамблея, бізге білім беріп отыр», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика