Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қ.Шотбақов: Қоғамды шоғырландыру біздің әрбір ісіміздің басында тұруы керек

Қоғамды шоғырландыру біздің әрбір әрекетіміз бен ісіміздің басында тұруы керек. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының ардагері Қайрат Шотбақов Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы26 Ақпан , 19:27

«Әрқайсымыз өте маңызды әрі қажет саяси реформаның табалдырығында тұрғанымызды түсінуіміз керек. Бұл туралы Ұлт көшбасшысының институционалды бағдарламалық құжатында анық айтылған. Осы орайда Парламент депутаттары түсіністікпен өздерінің өкілеттіліктерін кезектен тыс тоқтату туралы бастама көтеруі арқылы ел Президентінің қолдауына ие болды.  Яғни, Президенттің Жарлығымен осы жылдың 20-шы наурызында Мәжіліс депуттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны өтетін болды»,-деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, ел Президенті Н.Назарбаевтың қоғамды шоғырландыру туралы бастамасы біздің әрбір әрекетіміз бен ісіміздің басында тұруы керек.

«Халық сайлаған жаңа депутаттар, жаңа күшпен келіп еліміздің дамуына қомақты үлес қосады деп үміттенемін. Ал, біздің партияның атынан сайланған азаматтар әрқашан тың идеяларымен, ұтқыр шешімдерімен, жаңа бастамаларымен  көшбасшы болатынына сенімдімін»,-дейді сарапшы.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 20-шы қаңтардағы Жарлығы бойынша 2016 жылдың 20 наурызында кезектен тыс ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депуттарын сайлау тағайындалған еді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика