Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Д.Қожамжарова: Ұлт жоспары жаһандық дағдарысты ескере отырып ағымдағы жағдайдың терең талдауын ұстанады

Мемлекет басшысының Ұлт жоспары «100 нақты қадамы» - жаһандық дағдарысты ескере отырып ағымдағы жағдайдың терең талдауын ұстанып, бүгінгі күннің маңызды тапсырмаларын бағыттайтын негіз болып есептеледі. Бұл жөнінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 26 Ақпан, 16:00

«Қазіргі таңда барлық әлемнің алдында дағдарыстан өту тапсырмасы тұр.  Елдің Парламентінде өтетін мерзімінен бұрын сайлау  дағдарыспен байланысты аталмыш реформаларды іске асыруға көмектеседі»,-деді ол.

Сонымен қатар, ректор «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жоғары маңыздылығын айтып өтті.

«Кәсіпкерлер үшін Мемлекет басшысының Ұлт жоспары «100 нақты қадамы»- басшылықтың негізгі бағдары. Құжатта бүкіл әлемдік дағдарысты ескере отырып бүгінгі жағдайға терең тұжырымдама жасалған және бүгінгі күннің маңызды тапсырмаларын анықтайды.  Олардың ішінде мемлекеттік кәсіби аппаратты құру және тағы басқалар. Осыған орай, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты туралы бөлек айтқым келеді. Ол жарты ғасырдан астам уақытта құзыретті, қазіргі заманғы мұғалімдерді дайындауда арнайы орын алады. Біздің басты мақсатымыз – жаңа форматты мұғалімдер тәрбиелеу. Алда болатын сайлау Ұлт жоспары «100 нақты қадам» мен 5 иснтитуционалды реформасын іске асыруда бізге қойылған тапсырмаларды шешуге және 30 дамыған елдердің қатарына кіруге көмектеседі»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, 20 қаңтар айында Мемлекет басшысының қол қойған қаулысына орай, ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауы ағымдағы жылдың 20 наурыз айында өткізіледі.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика