Өңірлер

ШҚО-да 17 млрд. теңгеге 24 сүт-тауарлы фермаларын іске қосу жоспарлануда

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында сүт-тауарлы фермалары мен сүт қабылдау пункттерін дамыту бағдарламасы жалғасын табатын болады. Биыл 7 млрд. теңгеге 7 жаңа және 17 СТФ-н қайта құру жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімі Даниял Ахметов халықпен кездесу есебінде.
Шығыс Қазақстан26 Ақпан , 16:19

Еске сала кетейік, облыс басшысы өнімді арттыру үшін және сүтті өңдеу үшін 37 СТФ мен 33 сүт қабылдау пункттерін қайта құру туралы тапсырма берген болатын. Бұл бағытты жүзеге асыру барысында 2015 жылы еншілес жеке шаруашылықтар тартылған.

СТФ дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мен сүт қабылдау пукттерін арттыру арқылы сүт өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығын 34-тен 50 пайызға дейін жеткізуге болады және ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Бүгінгі таңда 200 басқа арналған 2 сүт-тауарлы ферманың құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 3,5 мың басқа арналған 11 жұмыс істеп тұрған фермаға қайта құру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, халықтан сүт сатып алатын 24 қабылдау пункттері құрылды.

«Биыл да сүт-тауарлы фермалар мен сүт қабылдау пнкттерін одан әрі дамыту жұмыстары жүргізілетін болады. 7 млрд. теңгеге 7 жаңа және 17 СТФ-н қайта құру жоспарланып отыр.  Қайта жаңарту дегеніміз – ол замануи технологиямен жұмыс істеу үшін жаңа қондырғылар орнату деген сөз»,-деп атап өтті облыс әкімі Д.Ахметов.

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша шағын несие арқылы 5 мың бас сүтті сиырлар сатылынып алынған. Сонымен қатар, 1,2 млрд. теңгеге 5 сүт таситын машина, 8 кешенді жаңа заманауи құрал-жабдықтар алынған.




Яндекс.Метрика