Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

200 гектардан астам жер телімі ұлттық парктерге ұзақ мерзімді қолданысқа берілді

Тендр нәтижесі бойынша, ұлттық парктер 2008 жылдан 2015 жылға дейін ұзақ мерзімді пайдалануға жалпы аумағы 9 684.51 га, 218 жер телімін, қысқа мерзімді пайдалануға жалпы аумағы 217,11 га 114 жер телімін пайдалануға берген, деп хабарлады АШМ.
Казахстан26 Ақпан , 16:34

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) жер телімдерін ұзақ және қысқа мерзімді пайдалануға бекітіп беру жұмысы 2007 жылы  ЕҚТА туралы жаңа Заңның және заңға тәуелді актілердің қабылданғанынан кейін басталды.

2007-2009 жылдары барлық ұлттық парктер мен мемлекеттік резерваттарды туризм инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары жасалды.  

Бас жоспарлар байқау негізінде мамандандырылған мекемелерде жасалып, сонымен қатар, барлық ұлттық парктер мен табиғи резерваттарда туристік және рекреациялық қызметтегі жерлер бөлініп территориялық аймақтандыру жүргізілді.

Бас жоспар бойынша экожүйеге залал келтірмейтіндей етіп жеке және заңды тұлғаларға конкурс негізінде ұзақ мерзімді пайдалануға арналған жер телімдері анықталды.

Әзірленген бас жоспарлар мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтіп, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен  бекітілді.

Бас жоспарда құрылыс нысандарына қойылатын талаптар бойынша көп қабатты құрылыстардың қамтылуы, табиғи ландшафтардан жасалған құрылыс материалдарын пайдалану, сондай-ақ, рекреациялық жүктеме нормалары анықталды.

Сондықтан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жер телімдерін пайдалануға беру жаңалық емес. Бұл жағдай, нақтырағын айтқанда,  2007 жылдан қолға алынған болатын.

 




Яндекс.Метрика