Инвестициялар

Қазақстанда мемлекеттік органда 102 МЖӘ жобасын жүзеге асыруда

Қазақстанда мемлекеттік органда 102 МЖӘ жобасын жүзеге асыруда, деді ҚР Президентінің ОКҚ-нде «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Азамат Ойнаров.
Астана қаласы26 Ақпан , 13:35

“Қазіргі уақытта Қазақстанда әр түрлі дайындық кезеңдерінде 102 МЖӘ жобалары бар: республикалық деңгейде – 8, жергілікті – 94 жоба. 2015 жылдың 11 қарашасында Елбасы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» (МЖӘ) Заңына қол қойды, ол «Концессиялар туралы» Заңымен бірге (ірі инфрақұрылымдық жобалар) МЖӘ саласын реттейді”, - деді ол.

МЖӘ туралы Заңы МЖӘ-ін қолдану салалары бойынша шектеулерін алып тастады және Заң экономиканың барлық салаларына таралады, келісімшарттардың жаңа түрлері енгізілді (сервистік келісімшарттар, өмірлік кезеңімен келісімшарттар, инновацияларды енгізу туралы келісімшарттар), МЖӘ-не қатысушылар тобы (ұлттық компаниялар, холдингтер, мемлекеттік кәсіпорындар және жеке қаржылық ұйымдар) кеңейтілді. Осылайша, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ рөлі өсіп келеді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика