Инвестициялар

А.Ойнаров: Ұлыбритания мен Кореяның тәжірибесі Қазақстандағы МЖӘ-ні дамытудың негізіне алынған

Ұлыбритания мен Кореяның тәжірибесі Қазақстандағы МЖӘ-ні дамытудың негізіне алынған, деді ҚР Президентінің ОКҚ-нде «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Азамат Ойнаров.
Астана қаласы26 Ақпан , 13:32

“Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) мемлекет бюджетінің белгілі шектеулері болған кезде тиімді құрал болып есептеледі. Сонымен қатар МЖӘ ынтымақтастығының нысаны мемлекеттік сатып алулардың дәстүрлі тәсілдерінің тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайларда қолайлы болып табылады. Осылайша, МЖӘ дағдарыс жағдайында және мемлекеттік секторда жүргізілетін қатаң үнемдеу шаралары кезінде әлеуметтік-экономикалық секторды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді”, - деді ол.

“МЖӘ  мемлекетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастығын құру арқылы өзара тиімді шарттарда ұлттық экономиканың барлық салаларында, соның ішінде мектеп, балабақша, емхана, автомобиль жолдарын салу саласында әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді”, - деді ол.

Оның айтуынша, бұл ретте, мемлекетке әлеуметтік сала мәселелерін шешу үшін қосымша мүмкіндік беріледі, бизнес кәсіпкерлік қызметі үшін қолайлы жағдай және пайда алу кепілдемесін алады.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика