Адамзаттық капитал

Әскери-теңіз күштері кемелерін теңізге шығаруға дайындау аяқталды (ФОТО)

ҚР ҚК ӘТК-нің 2016 жылғы жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес 16 ақпаннан бастап 26 ақпанға дейінгі аралықта ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің 218114 әскери бөлімі, әртекті кемелер дивизиясында К-1 – кемені жауынгерлік ұрысқа және жорыққа дайындау курстық тапсырмасын белсенді түрде өткізу мен қабылдау жүргізілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 27 Ақпан, 12:33

Курстық тапсырмаға күнделікті ұйымдастыру, жауынгерлік ұйымдастыру, кемені жауынгерлік ұрысқа және жорыққа әзірлеу сияқты 3 элементтер кіреді. Жыл сайын ҚР ҚК ӘТК кемелері әрбір кеме топтарының жан-жақты дайындығын жетілдіру үшін осындай жаттығуларды жиі өткізіп тұрады.

Сондай-ақ, жауынгерлік әзірліктің барлық түрін – суасты қайықтарына, суасты-диверсиялық қорғаныс құралдарына қарсы, радияциялық, химиялық және биологиялық қорғау мен кеменің жандылығы үшін (су және өртке қарсы күрес) күрес жүргізеді және де радиоэлектрлік шайқас пен барлау жүргізу жұмыстарына басшылық жасайды.

К-1 курстық тапсырмасын жүзеге асыруға «Сарыарқа», «Қазақстан», «Орал» зымырандық-артиллериялық кемелері және «Жайық» гидрографикалық қайығы қатысады. Курстық тапсырманың нормативтерін тапсыру кезінде өзінің жоғары кәсібилігімен «Қазақстан» кораблі командирінің көмекшісі, капитан-лейтенант Сауыр Оразкенов пен аталмыш кеменің боцманы 3 сыныпты старшина Бақтияр Медетов ерекше көзге түсті. Әскери-теңіз күштерінде К-1 курстық тапсырмасын өткізу су үсті кемелері мен көмекші қайықтар жауынгерлік әзірлігінің ең негізгі элементі болып табылатынын айта кетейік. 


 





Яндекс.Метрика