EXPO-2017

Г.Каламанов: ЭКСПО-2017 көрмесіне ресейлік ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысады

Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне Ресей Федерациясының ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысады. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда минстірінің орынбасары, ЭКСПО-2017 РФ комиссары Георгий Каламанов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 26 Ақпан, 15:34

«Ресей ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысулары туралы бірінші болып ниет етті және біздің әріптестермен сұхбат жасасып отырдық. Қол қойылған келісімшарт алдағы уақытта көрмеге қатысу үшін дайындықты бастауға септігін тигізеді»,-деді комиссар.

Оның айтуынша, «Болашақтың энергетикасы» тақырыбы өте маңызды және Ресей осы жоба аясында тек Қазақстаннмен ғана емес, сонымен қатар басқа да елдерде жұмыс атқаратын болады.

«Ресей Федерациясының қатысудағы басты негізгі форматын көрсете алатын 1 мың метр аумақ бар. Оның негізгі бағыты мұнай, газ, көмір, басқа да энергия ағындары, соынң ішінде энергияның альтернативті ағыны  бойынша жұмыс істеуде және бұл лауазымдар осы саладағы басты мәселелерді көрсетуге мүмкіндік береді»,-деді ол.

Ресей Федерациясының комиссары көрмеге қатысуда ресейдің ірі компанияларын тартуға  көмектесетіндігін айтты.

«Мен көрмеде «РОСАТОМ» компаниясы қатысады деп үміттенемін, сондай-ақ мұнай-газ секторындағы компаниялар. Жалпы көрмеде Ресейдің көптеген компаниялары қатысады. Тұрақты жаңартылатын энергия дамыту үшін жаңа бағытын дамып жатқан өз компанияларымызға мұқият қарайтын боламыз»,-деді комиссар.

Сондай-ақ, Г. Каламанов ЕАЭО-да ҚР мен РФ мүше болып тұруы  біздің елімізге оң әсерін беріп қана қоймай, Кеңестік серіктестікте де әсерін береді және оның нәтижесі барлық әлем бойынша серікстестіктерді тартуға септігін тигізеді.

«Бұл біздің ортақ аумағымыз және ірі әлемдік шара. Оған деген дайындық өте маңызды және барлық бағытты қолдауға дайынбыз»,-деді Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары.

Естерінізге сала кетейік, 24 ақпанда Тәуелсіздік сарайында ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушылардың екінші Ассамблеясының ашылу күнінде көрмеге «Астана EXPO-2017»ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы А.Есімов пен Ресей Федерациясы мен Қытайдың Ұлттық павильондардың Бас комиссарының арасында  келісім-шартқа қол қойылды. Елдердің басты халықаралық әріптестері ЭКСПО-2017 болып табылады.

Индира Қауметова

Фото: arms-expo.ru сайтынан





Дерекнама

Яндекс.Метрика