Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Б.Мақұлбеков: ҚР судьяларының этика кодексі үздік халықаралық тәжірибеге сүйенеді

Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру аясының 19 қадамында судьялардың жауапкершілігін нығайту көзделген. Көбінесе, Судьялардың этика кодексін әзірлеу. Оның негізінде азаматтар еліміздің Жоғарғы Соты жанындағы арнайы құрылған сот судьяларының іс-әрекетіне шағымдана алады.
Астана қаласы26 Ақпан , 15:03

«Судьялардың этика туралы кодекс жобасында ел Президентінің, қазіргі заман мен қоғам тарапынан судьяларға деген барлық талаптар еске алынады.  Кодекс Бангалор Сотының мінез-құлық принциптері мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделетін болады.  Судьялардың жаңа этика кодексі судьялардың жетінші съезінде қабылданады деп жоспарлануда. Ол ағымдағы жылдың маусым айында болады»,-деп ҚР Жоғары сотының судьясы Бағлан Мақұлбеков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Сот жүйесі екі комиссиядан тұрады – біліктік және тәртіптік. Әрбір комиссияға аудандық, облыстық Жоғары сотының судьялары кіреді.

«Бұл Стамбул Жоспарының дағдарысқа қарсы жұмыстарын іске асыру аясында жасалды. Аталмыш жұмыс комиссия жұмыстарын ашық түрде өткізуге және судьялар тарапынан жасалған шешімдерге сенім білдіруге көмектеседі»,-деді ол.

Судьяның айтуынша, білікті комиссия қызмет етіп жатқан судьялардың тәжірибелік қызметіне баға беріп отырады. Ол бірінші кезекте, судьялардың  кәсіби біліктілік тұрғысынан білімі мен сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстары. Сонынмен қатар, сот қызметінің нәтижесін анықтау, оларға деген талаптарға сәйкес іскерлік қасиеттері.

«Бірінші рет судьялардың кәсіби қызметі сот қызметінде бір жыл істеген жұмысына орай бағаланады.  Содан кейін әрбір бес жылда, сонымен қатар жоғары дәрежелі судялардың, сот төрағасы және сот алқасының төрағасы лауазымына конкурс арқылы өтеді»,-деді Б.Мақұлбеков.

Айта кететін жайт, сот жұмысында  20 жылдан астам тәжірибесі  бар мамандар, кәсіби қызметтегі судьялардың мерзімді бағалауынан босатылады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика