Адами капитал

Қазақстанда «#МенЕлімдіСүйемін акциясы өтіп жатыр (ФОТО)

Бүгін «#МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан» акциясына арналған телекөпір өтті.
Казахстан 26 Ақпан, 12:56

#МенЕлімдіСүйемін акциясының мақсаты –туған жерге деген  өзінің  сүйіспеншілігі мен құрметін көрсету.

Екі апта ішінде #МенЕлімдіСүйемін және #ПочемуЯлюблюКазахстан хэштэгпен Қазнетте еліміздің әртүрлі өңірінен 200 посттар мен роликтер жарияланғанын атап өту керек.

Акцияға қатысушылар сөз сөйледі. Олар:  Азамат Сатыбалды, Диляра Әленова, Ирина Тен – жүргізушілер, Анатолий Ким - «Қазақстаннның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек Федерациясы» РҚБ басшысы, Юрий Мельниченко - грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, жаттықтырушы, Азияның екі дүркін чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы, Дәмел Мектепбаева – ғалым-биотехнолог, Виталий Перов – блогер, Виталий Задарновский – оператор, Әнел Рүстемова және Тайыр Гатауов – «Астана Опера» театрының танымал орындаушылары, сондай-ақ медиалық тұлғалар: Нұрлан Қоянбаев, Қуандық Қыстықбаев, Бүркіт.

Телекөпір аясында акцияны қолдау үшін флешмоб ұйымдастырған Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы байланыс арқылы қосылды.

Өңірлерде келесі қазақстандық жұлдыздар, олимпиада чемпиондары, белсенділер сөз сөйледі: Ольга Рыпакова, Біржан Жақыпов, Мерсиева Диана, Әділбек Ниязымбетов, Мұсаев Ислам, «All Давай» тобы, Айдана Жұмағұлова, Мұрат Мұтырғанов, Ермахан Ибрайымов, Мәдина Сәдуақасова, Турал Эверест, Тұрар Рахымберлин.

Акцияға  #МенЕлімдіСүйемін, #ПочемуЯлюблюКазахстан хэштэгпен өздерінің жеке роликтері мен жазбаларын қандай да бір шектеусіз орналастыра отырып, Қазнеттің пайдаланушылары  да қатыса алады.

Телекөпірді   Орталық коммуникациялар қызметі, «Қазақстан» РТРК ұйымдастырды. «24kz» ТА ақпараттық қолдау көрсетті. Акцияның қатысушыларын жобаға қатысуға шақырды.  





Дерекнама

Яндекс.Метрика