Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: ШҚО-да 2016 жылы 9 жоба жүзеге асырылуда

Шығыс Қазақстанда 2016 жылы үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 9 млрд. теңгеге 9 жобаны жүзеге асырып, сол арқылы 900 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Шығыс Қазақстан 26 Ақпан, 13:39

Соның ішінде ең ірі жоба Аягөз ауданындағы «Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің құрылысы». Жоба іске қосылған кезде1,5 мың жұмыс орны ашылып, жылына 50-65 млн. тонна кен шығарылады. Өткен жылы қышқыл кендерді өңдеу кешені негізінде алғашқы 400 тонна катодтық мыс алынды.

Қазақстан экономикасындағы автомобиль өнеркәсібіндегі өсіп келе жатқан сұраныс пен оның маңыздылығын назарға алып, автомобиль кластері құрылатын болады. «Pricewater houseCoopers (PwC)» ірі халықаралық консалтингтік компания тартылған, ол шағын және орта бизнес үшін өндіріс ұйымдастыру бойынша ұсыныстары бар шебер-жоспарын ұсынды.

Сонымен қатар аймақ үшін Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автобөлшектер шығаратын технопарк құрылысының маңызы зор. Жоба қосымша 15 млрд. теңге салық түсімдерін әкелмек.

Автозауыт құрылысымен бір уақытта меншікті зауыттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы басқа автоөндірістер үшін автобөлшектер өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорынды кезеңмен құру жоспарланған. Бұл өндіріс өнімдердің өзіндік құнын азайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға көзделген.

2015 жылы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы  аясында 5,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылып, 562 жұмыс орындары ашылды.

 

Жалпы, ҮИИДБ-ның бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша                    226 млрд. теңгеге 48 жоба іске асырылып, 7 мыңнан астам жұмыс орындары ашылып, 7 млрд. теңгеден астам салық түсімдері аударылды.





Дерекнама

Яндекс.Метрика