Ұлтаралық бірлік

ҚХА кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды

Астанада ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әдбіқалықованың қатысуымен Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы болды.
Астана қаласы26 Ақпан , 12:32

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 87-ші бабына сәйкес және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңының 10-шы бабына сәйкес Ассамблея сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну өткізілді.

«Қорытындылай келгенде 14 депутат болды, олардың ішінде бес депутат өздігінен бас тартты.  Қазір депутаттыққа 9 кандидат бар»,-деді Е.Түғжанов.

ҚХА Кеңес мүшелерінің дауыс беру аясында Парламент Мәжілісінің депутаттығына ҚХА-дан 9 кандидат ұсынылды:

1. Роман Ким – Парламент Мәжілісінің V шықырылым депутаты

2. Ахмед Мұрадов – Парламент Мәжілісінің V шықырылым депутаты

3. Юрий Тимощенко – Парламент Мәжілісінің V шықырылым депутаты

4. Сауытбек Абдрахманов –  «Егемен Казакстан» Республикалық газеті» АҚ президенті

5. Владимир Божко –  ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары

6. Наталья Жұмаділдаева – Қызылорда облысы бойынша ҚХА аналар кеңесінің төрағасы

7. Шаймардан Нұрұмов – Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы

8. Шакир Хахазов – Дұнған этномәдени орталықтары қауымдастығының директорлар кеңесінің мүшесі

9. Наринэ Микаелян – Армян этномәдени бірлестіктердің төрағасы.




Яндекс.Метрика