EXPO-2017

В.Цзиньчжэнь: Қытай EXPO – 2017 көрмесінде энергияны пайдалануда инновациалық әзірлемесімен бөліседі

Эксклюзив
ҚХР EXPO – 2017 көрмесінің барлық қатысушыларына энергияны пайдалану саласында инновациялық әзірлемесіндегі тәжірибелерімен бөліседі. Бұл жөнінде Қытай Халық Республиканың Бөлім комиссары Ванг Цзиньчжэнь Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 26 Ақпан, 12:41

Біз үшін EXPO-2017 көрмесінде болу үлкен құрмет. Өйткені Қытай мен Қазаақстан арасында достық қарым-қатынас бар.  Екі елдің Президенттері аталмыш бағыт бойынша ынтымақтастық жасаудың  келісіміне қол қойды. Көрменің тағырыбы «Болашақтың энергиясы». Қытай энергияның ең ірі өндірушісі және тұтынушысы болып табылады, сондай-ақ инновацияны осы салада дамытады және EXPO – 2017 көрмесіне қатысатын Қазақстан, басқа да елдермен өз тәжірибемізбен бөлісуге қуаныштымыз»,-деді комиссар.

Оның айтуы бойынша бүгін Қытай Халық Республикасы өз павильонының тұжырымдамасын дайындап, дамытуда.

«Біз көптеген мәдени шараларды өткізуді жоспарлаудамыз. Мен компанияның нақты санын айта алмаймын, алайда Қазақстан Орталық Азиядағы сауда серіктестерінің бірі болып келгендіктен, көрмеге көптеген компаниялар келеді деп сеніммен айта аламын және ҚХР-дан көрмені көру үшін көптеген туристер келеді. Бізде ең үлкен павильон, оның аумағы 10 шаршы метр. ЭКСПО-ның қатысушысы болу біз үшін өте маңызды»,-деді Ванг Циньчжэнь.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық қатысушылардың екінші Ассамблеясының ашылу күнінде стратегиялық маңызды іс-шараның бірі  Астана қаласында өтетін көрмеге Қытай Халық Республикасының қатысуы туралы келісім-шартқа қол қойылуы. Естерінізге сала кетейік, ҚХР бірінші болып көрмеге қатысамыз деп ниет білдірді.

Индира Қауметова

Фото: expo2017astana.com сайтынан





Яндекс.Метрика