Халықаралық интеграция

Астанада Орталық Азиядағы босқындарды қорғау мен олардың көші-қон мәселелері талқыланды

Бүгін Астана қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесінің аясында «Көші-қонның әлеуметтік-экономикалық салдары: Орталық Азияға біріктіру қажеттілігі мен босқындардың осалдығы» тақырыбында «дөңгелек стол» өтті, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінң баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Ақпан , 12:09

Шараны ҚР Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы сараптама орталығы Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының (әрі қарай - КХҰ) субаймақтық үйлестіру кеңсесі және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Басқосуға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, ҚР және Орталық Азиядағы көші-қон саясаты саласындағы мемлекеттік органдардың, сонымен қатар, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынның мақсаты – Орталық Азия елдерінің еңбек көші-қоны саласындағы жаңа беталыстарын сараптау мен өзара тәжірибе алмасу, көші-қон заңнамасындағы олқылықтарын анықтау мен ортақ ұсынымдар жасау болып табылады.

«Дөңгелек стол» барысында босқындардың құқығын қорғау мен олардың өсіп-өнген мемлекеттері үшін тиімді экономикалық әсер алу, сонымен қатар, адамдарды саудалаумен күресу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында оларды қоғамға кіріктіру мәселелеріне баса назар аударылды.

ХКҰ мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады, оның ішінде 214 млн. халықаралық және 740 млн. ішкі босқындар. Халықаралық босқындар саны 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр.  Халықаралық еңбек ұйымының статистикалық мәліметтерінше, адамдарды сату арқылы түсетін заңсыз кірістің көлемі жыл сайын 150 млрд. АҚШ долларын құрайды. 21 млн-ға жуық адам мәжбүрлі еңбекке салынады.

Өз сөзінде ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов экономикалық дағдарысқа және жаңа геосаясаттық беталыстарға байланысты мигранттар мен босқындардың мәселелері байыпты талқылауды қажет ететіндігін атап айтты.

«Бүгінде еңбек көші-қоны саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты ұлғайту, шекарадағы бақылауды күшейту қажет, мигранттарды қоғамға кіріктіру бойынша жұмыс жүргізу және халықаралық нормаларды ескере отырып, көші-қон саласында тиімді заңдарды жасау керек», - деді Біржан Нұрымбетов.

Кездесу соңында қатысушылар Орталық Азиядағы реттелмейтін көші-қон миграциясы, адамдарды саудалау мен мигранттардың құқығын қорғау мәселелерін шешу бағытындағы көпжақты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға келісті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы процесі – 2011 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған тұрақты пікір алмасу алаңы болып табылады. Оның мақсаты – аймақтық форматтағы және жаһандық перспективадағы босқындар мен халықаралық көші-қонның өзекті мәселелерін бірлесе отырып шешу. Қазақстан Алматы процесінің бірінші басшысы болып сайланған болатын. Біздің елден басқа Алматы процесінің тұрақты қатысушылары - Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Түркменстан елдері. Иран мен Пәкістан бақылаушы мәртебесінде.

 




Яндекс.Метрика