Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Д.Битеміров: Ұлт жоспарының 38-ші қадамының нәтижесінде біздің зауыт таяу шетелге керамогранит тақтайшаларын экспорттай бастады

Ұлт жоспарының 38-ші қадамының нәтижесінде біздің зауыт таяу шетеге керамогранит тақтайшаларын экспорттай бастады. Бұл туралы «ЗЕРДЕ-Керамика» ЖШС-ң атқарушы директоры Дәурен Битеміров Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 26 Ақпан, 11:54

Оңтүстік Қазақстан облысы индустриалды-инновациялық бағдарламаның тиесілі жоспарын орындауда алдына қара салмайтын аймақ екенін көпшілік жақсы біледі. Бұл облыста өндірістің жүзден астам түрі қамтылған. Елбасының тапсырмасымен ашылған ірі және орта кәсіпорындар экономикалық дағдарысқа қарамастан өнім көлемін арттырып, нарықтың сұранысын қамтамасыз етуде. Тіпті шетелдің нарығына шығып, отандық өнімнің өрісін кеңейтуге атсалысып жатыр. Бұл біріншіден, мемлекеттің кәсіпкерлерге жасап отырған түрлі қолдауларының нәтижесі болса, екіншіден, азаматтардың еңбекқорлығының жемісі деп бағалаған жөн. Бүгінгі таңда еліміз бойынша құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Салынып жатқан тұрғын үйлерден бөлек, түрлі кеңселер мен сауда орталықтарында есеп жоқ. Осылардың барлығына отандық тауарды қолдану мәселесі көлденең қойылған еді. Өз елімізден шығатын отандық сапалы әрі арзан құрылыс материалдары қолданылатын болса, қаржы сыртқа кетпейді. Өз азаматтарымыздың, жұмысшыларымыздың жағдайы түзеледі. Сондай құрылысқа қажет керомагранит өндіретін жалғыз зауыт Шымкент қаласынан ірге тепкен.

««ЗЕРДЕ-Керамика» ЖШС-і Қазақстан республикасындағы жалғыз керомагранит өндіретін кәсіпорын. Мұндағы өнім «MK-Ceramics» маркасымен шығарылады. Шымкент қаласында орналасқан кәсіпорынның алаңы 15 000 шаршы метрді құрайды. Өндірілетін өнімнің жылдық қуаты 2 млн. шаршы метрге дейін жетеді. Негізі дайын өнім 2015 жылдың сәуір айынан бастап нарыққа шықты. Бүгінгі таңда зауыт толық өнімділік қуатында жұмыс істеп тұр. Біздің кәсіпорын керамика өндірісі бойынша италияндық «Barbieri&Tarozzi» деп аталатын компанияның ең озық технологиялы қондырғыларымен жабдықталған. Қазіргі таңда жалтыратылмаған 300х300 мм, 400х400 мм, 600х600 мм және 600х300 миллиметрлік жоғарғы қабаты жылтыр түтікті керамогранит тақтайшаларын шығарумен айналысып келеміз. Заманауи технологиялық қондырғы отандық және еуропалық шикізатты қолдану арқылы сапалы қыш тақтайшаларын өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын өнімі СТ-KZ сертификатымен бекітілген және еуропалық стандартқа сай келеді. Бізден шығатын керомагранит тақтайшалары оңайшылықпен бойына су сіңірмейді. Сондықтан, ғимараттың сыртын қаптауға да жарайды.  Сондай-ақ, мықтылығы сол, өнімді халық көп жүретін үлкен сауда орталықтарына, аэропорт, вокзал сияқты мекемелердің еденіне де қолдануға болады»,-дейді атқарушы директор.

Дәурен Мұхтарұлының айтуынша, кәсіпорынның Қазақстан бойынша диллерлік жүйесі дамытылған және өнімді бірқатар шетелдерге шығару жөнінде келісімдер де жасасқан.

«Кәсіпорыннан өнім шыққан бойда диллерлік жүйені дамыттық. Мәселен, Қазақстан бойынша Астана, Алматы, Шымкент сияқты ірі қалалар мен бірге Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қызылорда, Орал және Атырау қалаларында да «ЗЕРДЕ-Керамика» зауытының 40-тан астам диллері бар. Сонымен қатар дайын өнімдерімізді шетелдерге де шығарамыз. Осы орайда айта кететін бір жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары «100 нақты қадамының» 38-ші қадамында «Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту» туралы айтқаны біз сияқты шетелге тауар шығарушы кәсіпкерлер үшін тиімді болмақ.  Айта кетейін, біз Ресейге жылына 500 000 шаршы метр, Қырғызстанға 100 000 шаршы метр, Тәжікстан мен Өзбекстанға 200 000 шаршы метр керамогранит тақтайшаларын жеткізу жөнінде келісімдер жасағанбыз. Енді сол келісім бойынша жұмыстарымызды жандандыра бермекпіз. Әзірге осы мемлекеттерді қамтамасыз етіп алсақ, алдағы уақытта тағы басқа да елдермен сауда-экономикалық байланысымызды нығайту жоспарымызда бар. Өйткені мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау шаралары жасалып жатыр. Мемлекеттің мүддесі үшін және соңымыздағы ұрпақтарымыз үшін аянбай еңбек етуге, тер төгіге дайынбыз»,-дейді Д.Битеміров.

Атқарушы директор зауыттың алдағы жоспарлары туралы да ойын ортаға салды.

«Дәл бүгінгі таңда жалпы көлемі 615 мың шаршы метр жоғарғы түтікті қабаты жылтыраған керамогранит тақтайшаларын өндіріп отырмыз. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап  кең спектрлі дизайында жалтыраған тақтайшалар шығаруға жол ашатын цифрлы машинаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Тағы бір жоспарымыз зауыттың екінші желісін іске қосып, өндіріс қуатын арттырмақпыз. Зауыттың өндіріс қуаты артқан сайын, қосымша желіні іске кірістіргеннен кейін тұрақты жұмыс орындары ашылатыны анық. Қолынан іс келетін, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмысқа тарту арқылы да мемлекетке пайдамызды тигізсек деген ойымыз бар»,-деп қортты сөзін атқарушы директор Дәурен Битеміров.

Қанат Тұрар

 

 

 

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика