Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Шымкентте ҰБТ-ға дайындайтын тестілеу орталығы ашылды

Шымкентте Қазақстанға танымал UStudy.kz онлайн тестілеу орталығының алғашқы бөлімшесі ашылды. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область27 Ақпан , 13:42

« Жасөскіннің білім деңгейін көтеріп, өзін үздіксіз шыңдай түсуі үшін осындай тестілеу орталықтары көптеп ашылуы керек. Біз қаламыздағы мектеп оқушыларының білім сапасын республикада алдыңғы орынға шығаруымыз үшін осындай орталықтар қажет», — деді Ғабидолла Рахматоллаұлы. 5-ші және 11-ші сынып аралығындағы оқу бағдарламасы бойынша 11 пәннен 2 тілде 9000-нан астам тест сұрақтары жинақталған.

 Сонымен қатар, 2 тілде негізгі және қиын тақырыптар мен пәндер бойынша 300-ден астам оқу курстары бар. Тесттер мен оқу курстарын еліміздің жетекші ұстаздары құрастырған. Аталған орталық мектеп оқушыларын ҰБТ-ға дайындалуға жəне сəтті тапсыруға көмектеседі.

Оқушылар мұнда сынақ тапсырып, өзінің қателіктерін көріп, видео сабақтар оқуына болады. Тіпті жазғы мектептерге қатысып, тестілеуден ең жоғарғы балл жинауына мүмкіндік бар. 




Яндекс.Метрика