Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жамбыл облысында ағымдағы жылда 22 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр

Жамбыл облысында ағымдағы жылда 22 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.Бұл туралы бүгін Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы мәлімдеді.
Жамбыл26 Ақпан , 11:21

Оның айтуынша, әлеуметтік көмек жүйесіне реформалар енгізу мақсатында облысымызда 2014 жылдан бері «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы енгізіліп, оның аясында шартты ақшалай көмек тағайындалуда.

Бағдарламаның негізінде Әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту жоспарланып отыр, кедейлік шегі 2018 жылдан бастап 40 пайыздан 50 пайызға дейін көтеріледі, 2016 жылы республика бойынша пилоттық режімде, 2018 жылдан бастап заңды түрде көп балалы және аз қамтылған отбасыларына берілетін әлеуметтік төлемдердің орнына жаңа форматтағы атаулы көмек тағайындау жоспарланып отыр.

Өткен жылы облыста 1788 отбасындағы 9694 адамға 420,3 миллион теңгенің шартты ақшалай көмегі тағайындалды. Қөмек тағайындалған отбасыларынан 2235 жұмыс жасындағы азаматтар әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартылды, оның 1067 адам тұрақты жұмыс орындарына, 403 ақылы қоғамдық жұмыстарға, 478 адам «Жұмыспен қамту жол картасы» аясындағы жұмыстарға, 118 адам жастар тәжірибесімен қайта даярлау оқуына, 169 адам әлеуметтік жұмыс орындарына қатыстырылды.

Жалпы, «Өрлеу» бағдарламасы іске асырылған уақыттан бастап облыста әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне 5511 адам тартылып, табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың үлесі 0,4 пайызға дейін төмендеді. Бағдарламаға қатысқан азаматтар атаулы көмекті жоғарылатылған мөлшерде алғанына қоса еңбектеніп еңбекақы алуға, жаңа мамандық алуға мүмкіндіктері болады.

«2015 жылдың қорытындысы бойынша  екі қолға бір күрек іздеген 26256 адам жұмыспен қамтылған. Оның 17 642 адам тұрақты жұмысқа орналасса, мерзімдік жұмыс орындарына 1146, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3574, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1096, жастар практикасына - 1394 адам жіберілген, кәсіптік оқытуға 702 адам жолданса, 402 адам микрокредит алды.»,- деді Жорабек Нұрмергенұлы.

Ал ағымдағы 2016 жылы 22 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, бұл мақсатқа 11,7 млрд теңге қарастырылған. Жалпы қаржының ішінде 4,0 млрд.теңге Жұмыспен қамту 2020 жол картасын қайта өзектендіру бойынша бөлінеді деп жоспарлануда.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша 129 жобаны жүзеге асыруға 6,1 млрд.теңге қаралып, 2112 адам жұмысқа орналасады деп жоспарлануда. Мұның ішінде 40 жобаға 2,0 млрд.теңге 707 жұмыс орнымен Жұмыспен қамту 2020 жол картасын қайта өзектендіру бойынша бөлінеді деп жоспарлануда. Бағдарламаның 2-ші бағытына 1108 адамға 4,0 млрд.теңгенің шағын несиесі беріледі деп жоспарлануда. Соның ішінде 430 адамға 2,0 млрд.теңге Бағдарламаны өзектендіру бойынша бөлінеді деп жоспарлануда, оның ішінде 254 адамға 1,5 млрд.теңгенің несиесі жаңа жоба бойынша 6,0 млн.теңгеге дейін беріледі.  Сондай-ақ, 13,4 млн.теңгеге 372 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтеді, оның ішінде 2,4 млн.теңгеге 121 адам Бағдарламаны өзектендіру бойынша қаралады.

“Барлығы 682 адамды кәсіптік оқытуға 66,1 млн.теңге қаралды. Ақылы қоғамдық жұмыстармен 3542 адамды қамтуға 915,5 млн.теңге көзделген. Сондай-ақ, 183,4 млн.теңгеге 1034 әлеуметтік жұмыс орындарын құру, 372,8 млн.теңгеге жастар практикасына 1643 түлекті жолдау жоспарланып отыр.Бұлардан бөлек 13 мың адам ваканттық (бос) жұмыс орындарына орналасатын болады”,- деп қорытындылады Ж.Баубеков.




Яндекс.Метрика