Білім беру

Ақтөбе облысының 20 колледжіне 26 мамандық бойынша дуалдық оқыту элементтері енгізілді

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 30 колледжде ақысыз негізде 12044 адам оқиды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе26 Ақпан , 11:02

2015 жылы 7,2 мың адам оқу бітірді, олардың ішінде 5,1 мың оқушы немесе 70,7% жұмысқа орналастырылды.  

Кәсіби даярлықтың сапасын тәуелсіз бағалауда бітірушілердің 91% кәсіби дайындық деңгейін дәлелдеді, бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс республикада бірінші бестікке кіреді.

Ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай және газ, химия және тау-кен салаларына арналған мамандар даярлауда облыстың алдыңғы қатарлы 20 колледжінде 56 кәсіпорындармен бірге  26 мамандық бойынша дуалдық оқыту элементтері енгізілді.




Яндекс.Метрика