Инвестициялар

Қызылорда облысында БЖК-2020 аясында 7 жоба 145,5 млн теңгенің қолдауына ие болды

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қызылордалық кәсіпкерлердің жалпы құны 145,5 млн. теңгені құрайтын 7 жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қолдау тапты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда26 Ақпан , 10:42

Аталған жобалардың сәтті жүзеге асуы үшін қазіргі таңда аймақтағы шағын және орта бизнесті белсенді қолдайтын  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және ДБ «СбербанкРоссии» АҚ  банктері несиелендіретін болады.Осы орайда 2015 жылы мемлекеттік қолдау аясында кілем тазалайтын цех ашқан 21 жастағы кәсіпкер Ғабиден Жақсылықтың ендігі жоспары өзінің кәсіпорнын жаңғыртуға тағы бір несие алу болып отыр. Жас кәсіпкер «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өзінің кәсіпкерлік қызметін дамыту мақсатында қол жеткізген несие қаражатына автокөліктерді химиялық тазалайтын құрал-жабдық сатып алуды жоспарлайды. 

ЖК «Ансарлар» банкке рәсімдеген несие қаражатына қол жеткізуі үшін «Даму» қорынан кепілдеме беріледі. Ескере кететіні, жас кәсіпкер бүгінгі таңда 6 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр және жаңа жобасы жүзеге асқан уақытта тағы 2 жұмыс орны ашылмақ. 

 

 




Яндекс.Метрика