Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев: ЕҚЫҰ елдер арасындағы барлық қауіпсіздік мүддесіне сенімді нығайтуға әрекет етуі керек және оған мүмкіндігі жеткілікті

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы елдер арасындағы барлық қауіпсіздік мүддесіне сенімді нығайтуға әрекет етуі керек және оған мүмкіндігі жеткілікті. Бұл туралы Венада өткен ЕҚЫҰ ПА үш ортақ комитеттің бірлескен отырысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев хабарлады.
Әлемде26 Ақпан , 10:09

«Әр мемлекеттің қауіпсіздігі – басқа да барлық  ЕҚЫҰ қатысушыларының қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Хельсинкі актісінен кейін 40 жыл өтсе де, Астана декларациясының өзектілігі айқын екені белгілі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы елдер арасындағы барлық қауіпсіздік мүддесіне сенімді нығайтуға әрекет етуі керек және оған мүмкіндігі жеткілікті»,-деп атап өтті Қ.Тоқаев.

ҚР Сенатының төрағасы 31-ші мамыр күні Астанада барлық әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің басын қосатын «Діндер терроризмге қарсы» тақырыбында парламенттік конференция өтетінін хабарлап, әріптестерін соған қатысуға шақырды.

«Түрлі дау тудыратын көзқарастарға қарамастан  экзистенциалды қауіп-қатерге қарсы тұру үшін бәрімізге бірігу керек. Еуразиялық қауіпсіздік – бұл біздің тарихи жауапкершілігіміз. Президент Н.Назарбаевтың БҰҰ-ң сессиясында айтқанындай, дереу терроризмге қарсы әрекет ететін бүкіләлемдік жүйе құру керек»,-деді Қ.Тоқаев.




Яндекс.Метрика