Инвестициялар

Қостанайда трансұлттық корпорациялармен бірлесіп автокөлік кластері құрылады

Трансұлттық машина жасау компаниялары Қазақстан нарығына келеді. Бүгін Қостанайда ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов автокөлік өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қостанай26 Ақпан , 09:53

Жаңа келісімдер индустриалдық аймақ құруды; арнайы техникалардың жаңа өндірісін; шоғырландыру деңгейін көтеру; экспортқа шығуды қарастырады.   Министр атап өткендей, еліміздің инвестициялық саясаттағы басымдықтарын Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» жоспарында айқындап берді – ол бизнес ахуалды одан әрі жақсарту және ТҰК өңдеу саласына тарту.

Индустриаландыру бағдарламасы басталғалы Қостанай облысында өңдеу өнеркәсібі айтарлықтай дамыды. Оның ішінде автокөлік өнеркәсібі. Соңғы 6 жылда мұнда SsangYong, Peugeot, Geely, IVECO, Toyota, Hyundai, JAC сияқты 7 брендтің 25 мың автокөлігі құрастырылды.

Бүгін автокөлік өндірісін одан әрі дамытуға бағытталған 7 құжатқа, оның ішінде  FIATGROUP құрамына кіретін IVECO, JAC Motors және «Peugeot-Citroen» сияқты ТҰК тиісті құжаттарға қол қойылды. Бұл келісімдер индустриалдық аймақ құруды; арнайы техникалардың жаңа өндірісін; шоғырландыру деңгейін көтеру; экспортқа шығуды қарастырады.

Әсет Исекешевтің айтуынша, алғашқы кезеңде 40 млн. АҚШ доллары шамасында инвестиция тартуды көздейтін бүгінгі қол қойылған келісімдерді, трансұлттық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған кезекті қадам деп бағалау керек.

 Мысалға, өткен жылы «якорлық инвесторлардың» және ТҰК қатысуымен машина жасау, химия және мұнай-химиясы салаларында 4 жаңа өндіріс іске қосылды.

Биыл машина жасау, фармацевтика және мұнай қызметі саласында ТҰК бірлескен тағы бірнеше өндірісті іске қосу жоспарланған. 

Сонымен бірге, АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс және Азиядан 20-дан астам трансұлттық компания тарту бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр.

 

 

 




Яндекс.Метрика