Өңірлер

Тобыл өзені арқылы өтетін автокөлік көпірін жөндеу жұмыстары белгіленген кестеден ерте аяқталады (ФОТО)

Қостанай облысында Тобыл өзені арқылы өтетін автокөлік көпірін жөндеу жұмыстары белгіленген кестеден ерте аяқталады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
Қостанай 26 Ақпан, 09:32

«Алматы – Екатеринбург» М36 автожолының Тобыл өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Көпірдің бір жағындағы қозғалыс 2016 жылы 1 шілдеде ашылады.

Көпірді жаңғырту жұмыстары, кіреберіс жолдар мен көліктік айырымдары 1 қыркүйекте   мерзімінен 3 айға ерте толық аяқталады.

Нысанның құрылыс алаңында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мердігер ұйымның және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысуымен көшпелі жиын өткізді. Өткелдегі жұмыстар аяқталғаннан кейін 4 жолақты қозғалыс ашылады. Ұзындығы 278, ені 23 метр. Көпірді қайта жаңғырту жұмыстары 2015 жылы басталды.

 





Яндекс.Метрика