Білім беру

Тегін кәсіби-техникалық білім алу Қазақстанды жаңа деңгейге көтереді

Президент Н.Назарбае кезекті Жолдауында Үкіметке 2017 жылдан бастап енетін «Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасын әзірлеуге тапсырма берді.
Астана қаласы25 Ақпан , 20:27

«Бағдарлама барлық жастарға бірінші мамандығын алуға көмектеседі. Бұл жастар арасындағы өзекті сұрақ және жыл сайын көптеген оқушылар жұмыссыз, оқусыз қалып жатады. Аталмыш бағдарлама мемлекеттің қаражатына жастарға бірінші мамандықтарын алуға көмектеседі»,-деді «Кәсіпкер»Холдингі» басқарма төрағасының орынбасары Қадырбек Бөрібеков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

 «Еңбектенгісі келетіндерге ғана мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. 2017 жылдан бастап ҚР Үкіметінің тапсырмасы осы сынды әлеуметтік көмекті енгізеді. Әлеуметтік саясаттың мемлекеттегі басымдылығы адами капиталды дамытудың ауқымды инвестициялары болуы тиіс. Біз бұрын қабылданған бағдарламаларға сәйкес білім беру мен денсаулық сақтауды жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Мен 2017 жылдан бастап «Барлығына тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасының басталатындығын хабарлаймын»,-деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ белсенді жұмыс мамандықтарын оқып алуға жастарды шақырды.

«Жұмыс маманарын игеру керек. Өз заманымда мен еңбек жолымды арнаулы жұмыс киімінен бастадым, домна пешінің ошағында тұрдым. Үлгі алындар!»,-деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде «Серпін» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ кеңес директорының төрағасы Мұрат Әбенов жастардың кәсіптік білім бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатындығын және экономиканың дамуы кадрларды дайындаусыз болмайтындығын айтып өтті.

«Зауыт, фабрика салуға болады, ақшаны салып, жабдықтар алуға болады. Ал егер жұыс істелмесе бұл күрделі мәселе»,-деді ол.

Сарапшының айтуынша, бүгінгі таңда мамандарды даярлау маңызды мәселе болып табылады.

 «Біздің елімізде елеулі теңгерімсіздік жағдай бар, 5 аймақта еңбек тапшылығы, 9- еңбек қоры жетіспейді. Бұл мәселерді шешу үшін еңбек қорының ішкі миграциясын жасап, ал миграция жасайтын кадрлар дайын болуы тиіс. Қазір біздің алдымызда осы екі мәселені атқару жұмыстары тұр»,-деді сарапшы.

М.Әбеновтың айтқанындай, біріншіден, аймақтардағы артық еңбек қорларын, еңбекк қорлары жетіспейтін жерге ауыстыру керек және оны дайындауымыз тиіс. Осы жағдайда дуалды білім беруді қолдану керек. Жергілікті ЖОО мен колледждер жергілікті кәсіпорындарға мамандар дайындауы керек. Сол кезде теория мен тәжірибені бірге алып жүруге болады.

«Екі жылдан астам уақыт «Серпін» бағдарламасы іске асырылуда және 2 мыңнан астам балалар осы бағдарлама бойынша оқу орындарына түсті, ал осы жылы олардың саны 6 мың. Осындай пилотты жобалардың маңызы өте зор»,-деді ол. 

Индира Қауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика