Үкімет

ҚР Үкіметінде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2016 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі бойынша селекторлық кеңес өткізді.
Астана қаласы25 Ақпан , 19:58

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қметі хабарлағандай, қазіргі уақытта республиканың су қоймалары көктемгі су тасқынын өткізу үшін сыйымдылық қорына ие. Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін ЖЖМ, инертті материалдар қорлары даярланды, елді мекендерде қар шығарылып жатыр.

Су тасқынын гидротехникалық құрылым арқылы апатсыз өткізу, өзен алаптары учаскелерінде алдын алу шараларын өткізу мақсатында су тасқынына қарсы сәйкес комиссия құрылды.

Бақытжан Сағынтаев 2015 жылдың наурыз-сәуірінде су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды, Ақмола және басқа да облыстардағы оқиғаның қайталанбауы үшін барлық шараларды қолдану қажет екенін баса айтты.

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары өңірлердің әкімдіктеріне орталық мемлекеттік органдармен бірге күн сайын мониторинг жүргізуді және су тасқыны жағдайын бақылауды, арнайы және инженерлік техниканы су тасқыны қаупі бар жерлерге шоғырландыруды, көпірлерді, арық-арна жүйелерін, өзен арналарын, гидротехникалық құрылымдарды және қорғау бөгеттерін қар суы мен су тасқынының мөлшерден тыс көлемін өткізуге дайындауды, елді мекендерді су басу қаупі туындаған жағдайда халыққа қауіпсіздік ережелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды тапсырды. 

 

 




Яндекс.Метрика