Парламент

Д.Фейзиев: Қазақстан Парламенті әріптестерінің бастамасы құрметке лайық

Эксклюзив
Қазақстан тәуелсідігін алған күннен бастап елдің саяси, экономикалық және мәдени саласынан көптеген өзгерістерді бастан өткізді. Барлық өзгерістер мемлекеттің нығаюына көмектесті және экономиканың қарқынды дамуы мен барлық халықтың жағдайының өсуіне септігін тигізді. Бұл жөнінде Әжірбайжанның шағын Мәжіліс депутаты, Халықаралық қатынастар және парламентаралық қарым-қатынастар жөніндегі комитеттің мүшесі Джаваншир Фейзиев Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 25 Ақпан, 20:09

«Барлық әлемді жаулап алған жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға да шетін тигізді. Сол себепті Қазақстан Парламентінің бастамасы құрметке ие және мәжілісмендердің қоғам алдындағы жоғары азаматтық жауапкершілігін көрсетеді.  Осы жолы Қазақстан мемлекетіне деген адалдығын және заң күшерін жетілдіруге анық жол тартуда. Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап елдің саяси, экономикалыө және мәдени саласынан көптеген өзгерістерді бастан өткізді. Барлық өзгерістер мемлекеттің нығаюына көмектесті және экономиканың қарқынды дамуы мен барлық халықтың жағдайының өсуіне септігін тигізді»,-деді Д. Фейзиев.

Оның сөзі бойынша, а.ж. 20 наурыз айында мерзімінен бұрын сайлау өткізу Қазақстанның дамуына септігін тигізеді.

«Барлық жерде болып жатқан экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстан аймақта тез дамыған елдің бірі болуда және шетелдік инвесторлар үшін ең қолайлы ел болып табылады. ҚР Мәжілісінде мерзімінен бұрын сайлауды өткізу туралы бастамасы және ҚР Президентінің 20 наурызда сайлауды өткізу туралы шешімі елдің дамуына септігін тигізеді. «Нұр Отан» партиясының өтінішінде айтылғандай, жаңа сайлау заңнамалық органының сапалық құрамын нығайту және жаңарту үшін қызмет ететін болады»,-дед әзірбайжандық депутат.

Данияр Қасымов

Жеке мұрағаттан алынған сурет





Яндекс.Метрика