Халықаралық интеграция

Астанада ҰҚШҰ аясында лаңкестік және экстремизммен күресу мәселесі талқыланды (ФОТО)

Астанада Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжу кездесті.
Астана қаласы 25 Ақпан, 18:16

Кездесу барысында тараптар халықаралық жағдайдың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздікті қамтудағы рөлі айтылды.

ҰҚШҰ бас хатшысы 2015 жылы қабылданған  ҰҚШҰ дағдарыстық жүйенің дамуына бейімделу шешімінің жүзеге асу барысын айтып өтті.

«Е.Ыдырысов пен Н.Бордюжа ағымдағы жылы өтетін ірі шаралардың күн тәртібі мен кестесін қарады. Олар Мемлекет басшылары дәрежесіндегі Сыртқы істер министрлерінің кеңесі мен күзде өтетін ҰҚШҰ кеңесі», - делінген хабарламада.

Әңгімелесушілер ҰҚШҰ қатысушы елдердің ынтымақтастығын кеңейту мәселелері мен ҰҚШҰ аясында  лаңкестік пен экстремизммен күресу  мәселесі  талқылады.





Яндекс.Метрика