Адами капитал

Астанада жарақаттан кейінгі оңалтудың екпінін қысқарту мәселесі талқыланды (ФОТО)

Астанада «Жарақаттан кейінгі оңалту: мүгедектік немесе денсаулық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында жарақаттан кейінгі оңалту үрдісін қысқарту мәселесі талқыланды.
Астана қаласы 25 Ақпан, 17:54

Медициналық отаны бастан кешірген әрбір пациент мүгедекке айналу қаупіне душар болады. Отадан кейін болатын қиындықтар емделу сапасын бірден төмендетіп жібереді.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, елдегі мүгедектер саны 3,7 пайызды құрайды. Бұл 630 мың адам. Еңбекке қабілетті халықтың нақты бір бөлігі жарақаттан кейінгі оңалту үрдісін дұрыс қабылдамағандықтан  мүгедек  болып жатады», - деді Астананың азаматтық кеңесінің мүшесі Асқар Әбдразақов.

Айта кетейік, дөңгелек үстел I-AZAMAT жобасы аясында өткізілді. Оның мақсаты халыққа мемлекеттік көмекті көрсетуді жеңілдету болып табылады.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика