Адамзаттық капитал

Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Алғыс күнімен құттықтады (ФОТО)

Алғыс күніне орай ШҚО ІІД медицина қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып қайтты. Зейнеткерлердің денсаулықтарына тексеріс жүргізіп, электрокардиограмма жасап, қан талдауын алды, деп Ақпарат орталығы хабарлайды.
Шығыс Қазақстан 25 Ақпан, 18:34

Алғашқы медициналық командасының бірі Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Құрмат Рахимовқа барып қайтты. Невелияда болған шайқастан ол Кенгисбергка бару үшін Беларусь, Литва және Шығыс Пруссия аумақтарын өтті. Осы жылы ардагер, ІІМ құрметті қызметкері 92 жасқа толады.

Асығыстықпен қонақтарды ардагер Вера Шайтанова тосты. Ішкі істер органына қызметке 42-ші жылдары келді. Өзінің еңбек өтілімі кезінде ардагер көптеген медальдар, алғыс хат, Президент Н.Назарбаев қол қойған грамоталары және т.б марапатталды.

Ішкі істер органының ардагерлері ШҚО ІІД басшылығы тарапынан көрсеткен құрметтеріне ризашылықтарын білдірді және медицина қызметкерлеріне де алғыстарын айтты.

«Бізді ұмытпағандары қатты қуантады. Бізге тұрақты түрде үйімізге келіп тұрады. Басшылыққа бізді ұмытпағандары үшін тағы алғыс айтамыз. Мерекелерде және басқа да күндері қалымызды сұрап, қоңырау шалып тұрады»,-дед ҰОС ардагері Құрмет Рахимов.

Госпиталь дәрігерлерінің айты бойынша, ішкі істер органының тыл соғысы ардагерлерінің денсаулықтары әрдайым бақылауда. Ай сайын үйлеріне барып тексеріп тұрады. Сонымен қатар, зейнеткерлер жылына бір рет госпитальда профилактикалық емдеуден өтіп тұрады.

Мереке қарсанына орай дәрігерлер он шақты ардагерлердің денсаулығына тексеріс жүргізді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика