EXPO-2017

Қытайдың 75 мың азаматы Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға келеді

Қытайдың 75 мың азаматы Қазақстанға ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға келеді, деді ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қытай Халық Республикасы секциясының комиссары Ван Цзиньчжэнь ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы25 Ақпан , 16:37

«100 пайыз туристің 15  пайыз туристі шетелден келеді. 15 пайыздың ішінде Қытайдан келетін азаматтар саны басым. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға 75 мың қытай келеді. Егер біз белсенді жұмыс істесек, қойылған мақсаттарға жете аламыз. Визаға байланысты мәселені Инвестициялық комитет қарастырып жатыр, оның ішінде қытайлықтарға байланысты виза қаралуда», - деді ол.

«Астана ЭКСПО-2017» хатшылығының  жетекшісі Аян Ерепов өз кезегінде 2015 жылдың 14 желтоқсанында визалық режимді жеңілдету бойынша Қытаймен келісім орнатылғанын айтып өтті.

«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде, сондай-ақ, қысқы Универсиадада 2017 жыл Қазақстанда Қытай жылы болғандықтан адамдардың ағымын Қытайдан келеді деп күтеміз. Біз бұл қадамға баруды жөн көрдік қытай тарапы қолдады», - деді ол.

ЭКСПО-ға қатысушы елдер үшін жеке режим қабылданатын болады.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика