Өңірлер

Қарағанды облысында 4,5 млрд теңгенің 300 нысаны заңдастырылды

Қарағанды облысында мүлікті жария ету бойынша 800 өтініш келіп түсті, қазіргі таңда 4,5 млрд теңгенің 300 нысаны заңдастырылды.
Қарағанды25 Ақпан , 19:07

Облыс әкімдігі хабарлағандай, өңірде қазіргі таңда 10,1 млрд теңгенің 810 өтініші келіп түсті. Оның 509 өтініші қайтарылып, 295 – і қанағаттандырылды, құны – 4,5 млрд теңге. 325 нысан жария етілді, оның ішінде 31-тұрғын үйі, 294- қолданылмайтын нысан.

Нысандардың көп бөлігі Қарағандыда заңдастырылды,  146 нысанға тең, Жезқазғанда – 43, Теміртауда – 36, Бұқра-Жырау ауданында – 17, Абай ауданында – 13.

Айта кетерлігі, облыста қала әкімдіктері мен аудандарда жекешелендіру бойынша 18 комиссия жұмыс істейді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика