Инвестициялар

ҚДБ-нің еншілес компаниясы ислам лизингі шарттары бойынша алғашқы келісімді қаржыландырды

«Қазақстанның Даму банкі» еншілес ұйымы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ («Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіреді, бұдан әрі «ҚДБ-Лизинг») «Исткомтранс» ЖШС теміржол жүк тасымалдарын ұйымдастыру үшін вагон-цистерналарды жеткізу бойынша жобаның ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруын (10 жылға дейін) бастады. Көлемі 1,1 млрд теңгеден асатын келісім ислам лизингі - «Иджара» шарттары бойынша «ҚДБ-Лизинг» қаржыландырылған алғашқы жоба, деп хабарлады ҚДБ.
Казахстан26 Ақпан , 08:37

«Аталмыш келісім Қазақстанның қаржы секторы үшін аса маңызды болып табылады, себебі экономикаға шетел инвестицияларын тарту бойынша мүмкіндіктер артады. Елімізде исламдық қаржыландыруды дамыту үшін осы құралдарды қаржы операцияларында пайдалану қажет. Осыған байланысты баса айтып өткім келетіні Қазақстанда алғаш рет классикалық лизингтік компания «Иджара» шарттары бойынша жобаны қаржыландырды. Бұл өнімді «ҚДБ-Лизинг» еншілес ұйымы негізінде дамытуды жоспарлап отырмыз, себебі «Иджара» түп негізі бойынша қаржы лизингіне ұқсайды. Осы жоспарларды жүзеге асыру банктің қаржы өнімдерінің желісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұдан өзге, бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада халықаралық қаржы орталығын құру бойынша қойған міндетіне сәйкес келеді», - деп айтып өтті ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары Елена Когай. 

«Бүгінгі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісіндегі мұнай құйылған жүктерді тиеудің шамамен 20% біздің компанияның үлесіне тиесілі. Аталмыш жоба аясында біз қауіпсіздік деңгейі мен тасымалдар сапасын арттырумен қатар паркті әртараптандыру және тасымалдар географиясын кеңейту мәселесін жоспарлы түрде шешіп келеміз. Келісімді құрылымдау кезінде исламдық қаржыландыру құралдарын қолдану компанияға ұзақ мерзімге қолжетімді лизингтік қаржыландыру алуға мүмкіндік беретінін ерекше атап өткен жөн. Бұл - біздің Компания мен «ҚДБ-Лизинг» арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жемісі», - деп айтып өтті «Исткомтранс» ЖШС бас директоры Евгений Плахотин.

«Исламдық қаржыландыру қағидалары бойынша алғашқы қанатқақты келісімді жүзеге асыру үшін жаңа нормативтік базаны қабылдау және ішкі құжаттар мен үлгілік келісім-шарттарды әзірлеу бойынша кешенді дайындық жұмыстары жүргізілді. Барлық дайындық кезеңдерінде «Al Hilal» Ислам Банкі», сондай-ақ «Sunberg&Company» компаниясы мен «Amanie Advisors CIS» ЖШС әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетіп, қажетті құжаттаманы дайындауға жәрдемдесті. Осылайша, аталған келісім жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанда ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында қаржы секторындағы исламдық өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын енгізуге негіз болады», - деді «ҚДБ-Лизинг» АҚ басқарма төрағасы Алексей Боев. 
 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика