Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

«ҚазАзот» 2018 жылға дейін минерал тыңайтқыштар өндірісінің қуаттылығын үштен бір бөлікке арттыруды жоспарлайды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) Ақтау қаласында «ҚазАзот» ЖШС-ның минералды тыңайтықыштар өндіру зауытын кешенді жетілдіру жобасын қаржыландыруды бастауда, деп хабарлады ҚДБ баспасөз қызметі.
Казахстан25 Ақпан , 16:54

Жобаның жалпы құны 56 млрд теңгеден астам соманы құрайды, қажетті қаражаттың 72,3%-ын ҚДБ ұлттық валютадағы несие түрінде 10 жылға дейінгі мерзімге ұсынады. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Жобаға 2018 жылға дейін аммиак пен азотты минералды тыңайтқыштар өндірісінің қуаттылығын 300 000 тоннадан 400 000 тоннаға дейін арттырып, кәсіпорынның негізгі активтерін жаңғырту кіреді. Кешенді жетілдіру шикізатты өндіру мен өңдеуден бастап дайын өнімді өткізуге дейінгі толық өндіріс циклын құруды көздейді.

 Жобаға «Шағырлы-Шөмішті» газ кен орнын игеру, газды-поршеньді электр станциясының, танкті және үрлемелі газдан шығатын аммиакты кәдеге жарату қондырғысының, түйіршіктеу мұнарасының құрылысы кіреді. Зауыт толық жобалық қуаттылығын іске қосқаннан кейін, ауыл шаруашылығында және кен өндіру кәсіпорнында пайдалануға шығарылатын өнімнің 60%-на дейінгі көлемі ішкі нарыққа жеткізіледі, қалған 40%-ы экспортқа шығарылатын болады.

«Осындай ауқымды жаңғырту және өндірісте жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде біз 2018 жылға дейін дайын минералды тыңайтқыштардың өзіндік құнының 34%-ға төмендеуін күтудеміз, алайда өнімнің сапасы жоғарылайды. Сонымен қатар жаңа кен орнын игеру арқасында кен шығару және табиғи газды сату көлемі келесі он жыл ішінде төрт есе ұлғаяды деп күтілуде. Мемлекет пен «Бәйтерек» холдингі тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау бұл өнімнің импортын алмастырумен қатар, оның Литваға, Ресейге және Орта Азия елдері: Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстанға экспортталуына болысады», - деп белгіледі «ҚазАзот» ЖШС бас директорының орынбасары Руслан Евлоев.


 




Яндекс.Метрика