Өңірлер

Қызылорда облысында 2016 жылы әлеуметтік салаға 125,6 млрд теңге бағытталды

Қызылорда облысының бюджеті әлеуметтік бағытынан жаңылған жоқ. Биылғы жалпы шығындар көлемінің 70%-ы немесе 125,6 млрд. теңге осы салаға жұмсалады. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәлік Тұрманов мәлімдеді.
Қызылорда25 Ақпан , 16:23

Сыр өңірі – жан басына шаққандағы бюджет шығыстарының көлемі бойынша республикада 5-ші орында, ал әлеуметтік салаға бағытталған шығыстары бойынша 1-ші орында. Білім беру саласына 71,1 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бұл саладағы бірқатар маңызды мәселелер тиімді шешімін табады. 

«Біріншіден, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайызға жеткізілді. Әйтсе де, «Балапан» бағдарламасы аясында бұл көрсеткішке қол жеткізу 2020 жылға жоспарланған болатын. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бұл міндетті мерзімінен бұрын орындадық», - деді Мәлік Тұрманов. 

Басым бағыт – апатты мектептер мәселесін шешу. 2013 жылы осындай 36 мектеп болса, екі жылда соның 25-і жаңадан салынды. Қалғанының мәселесі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде шешу жоспарлануда.  

Денсаулық сақтау саласына 37,6 млрд. теңге, әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыруға 7,7 млрд теңге,  мәдениет және спорт саласына 9,1 млрд теңге қаралды. 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика