Инфрақұрылымның дамуы

Алматыда қаланы абаттандыру жобасы бойынша 12 мың жұмыс орыны құрылады

Алматы қаласын кешенді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыру барысында қосымша 12 мың жұмыс орыны пайда болады.
Алматы қаласы26 Ақпан , 09:12

Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша, саябақтарды, скверлерді таза ұстау қызметін жүргізу үшін биылғы жылдың сәуірі мен қарашасына дейінгі аралықта 750 адамның еңбегі қажет болады. 

Жазғы демалыс кезінде «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы еңбек етуге ниет білдірген 1 200 студент қаланы абаттандыру жұмысына қатыса алады. 

Басқарманың түсіндіруінше, Алматы әкімінің бекітуімен ақпан айындағы іс-шаралар жоспарында бірнеше бағыт қамтылған. Олардың қатарында жаздың бас кезінде қала орталығынан демалыс күндері жаяу жүргіншілер көшесі ашылады. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар да қарастырылатын болады. Ал, қоғамдық көліктер тоқтайтын аялдамалар бір үлгідегі ыңғайлы павильондармен жабдықталады. Оларда сауда нүктелер болмайды.




Яндекс.Метрика